Баланың эмоциялық-еріктік сферасының қалыптасуының маңызы

  Жанғозиева Манет Салықбаевна  – аға оқытушы,

Ақтау қаласы,  Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

 

 

           Тәуелсіздік алып, егеменді ел болуымыздың арқасында қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, бала бақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың ауқымды міндеті болып отыр.

             «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. «Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек», — деген  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі  балалардың еріктік-эмоциялық сферасын  дамытудың маңызы  өте  зор.

Мектепке дейінгі жаста балалардың қарым-қатынас шеңбері кеңи түседі. Балалар біраз есейе түскен соң шағын жанұялық байланыстар шегінен шығып, адамдардың аумақты тобымен, әсіресе қатар құрбыларымен араласа бастайды. Ең бастысы баладан еріктік-эмоциялық сферасын  дамытатын қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді. Баланың ерік-жігерінің дамуына да жоғары талаптар қояды.

К.Д. Ушинский  еріктік-эмоциялық сферасы баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. «Шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады: ал ол бейнебір ересек адам тәрізді, өз күшін сынап көреді. Өзі жасаған нәрселеріне қашан да биік жүргізумен болады», — деп жазады ол.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциялық-еріктік сферасын дамытуда тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу арқылы олардың бала бақшадағы оқу-тәрбие  әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың  қанына «сіңіріп» отыру деген сөз.

Баланың еркі қарапайым қимыл-қозғалыстарынан басталады. Ал оның даму дәрежесі ең алдымен оларға тілек, нұскау берумен өрістеп отырады. Бала еркінің дамып жетіле беруінде аса маңызды роль атқаратын фактілердің бірі – оның ұжымдық іс-әрекеттерді орындау дәрежсіне байланысты. Осы ретте баланың өз еркін меңгеру сипаты қандай? Ересек адамдардың балаларға қоятын талап-тілектерінің олардың еркін дамытуға тигізетін әсері каңдай? деген сұрақтар келіп туады. Балалардың өз еріктерін билеп, өздерінің мінез-құлықтарын қалайша қалыптастырады? дейтін маңызды мәселелер де осы сұрақтарға байланысты түрде өз шешімдерін табуға тиісті.

Ерік кемістіктері жас балаларда көбірек кездеседі. Соның бірі – қыңырлық. Денсаулығы нашар, ағзасы әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Осындай әдеттен денсаулығы жақсарысымен арыла бастайды. Отбасындағы теріс тәрбиеге байланысты да балада қыңырлық қалыптасады. Баланың дербестілікке ұмтылуымен санаспауда қыңырлықтың екінші бір түрінің пайда болуына жағдай жасайды. Баланың мінез-құлқын жөнге салып

отыру, бақылау жасау оны дербестігінен айыру болып табылмайды. Бақылау жасауды ретімен пайдалану қажет.

Үлкендердің айтқанына немесе тыйым салғанына қарамастан, өз ойлағанын табанды түрде іске асыратын балалар да болады. Мұндай бала ешқандай дәлелмен санаспайды. Өз тілегін орындау жолында кедергі көрмеген баланың қасарыспа болып өсетіні сөзсіз. Бала туған күнінен бастап мол дүниеге кезігетін болса, бұларды ылғи табыла беретін нәрсе деп ойлайды. Мұндай бала өзін ешкімнің алдыңда міндетті, борыштымын деп санамайды. Баланың осылайша өсуі – жанұя тәрбиесінің үлкен қатесі. Қандай болмасын бір жұмысты басқаның талабымен орындауға, яғни өзінің алдыңа қойған мақсатын іске асыруға мәжбүр болған бала түрлі кедергілерді жеңе білуге үйренеді. Балаға жүктелетін міндет оның орынсыз талаптарын тыя алуға себепші болады. Үлкендер балаға жүктелген міндеттің орындалуын міндетті түрде қадағалап, қойылған талаптардың баланың жас мөлшеріне сәйкес болуын ескеріп отыруды естен шығармаулары тиіс.

Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.

Ерікті дамыту  ерік сапасы жоғары кісілердің үлгі-өнегесі әсер етеді. Өнегелі үлгіге бала да, үлкен де еліктейді. Өзінің әрекет, қылығында еріктің биік сапалы үлгілерін балаларға көрсету — ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің ардақты міндеті.

Эмоцияның көрініс беру түрлері баланың тәлім-тәрбие көрген ортасына байланысты. Барлық жас кезеңдері ішінде балалық шақ кезеңі тек өзіне тән көптеген ерекшеліктермен сипатталады.

Эмоцияның бала дамуының ерте кезеңінде пайда болып, ұзақ уақыт мінез–құлықтың зерттелуіне және жағдайларды бағалау қабілеттерін, соңында өз әрекеттерін немесе эмоцияларын басқара алмау кезеңдерінде анықталады.

Мектепке дейінгілердің психикалық дамуына қатысты мәселелер көптеген зерттеулерде отбасы жағдайындағы балалардың қарым-қатынас жасауында орын алатын агрессивті мінез көрсетуінің себептері анықталған. Ол себептер ретінде отбасындағы қақтығыстар, эмоциялық қызбалық, жазалауды пайдаланудағы шапшаңдық, эмоцияның мен жағымсыз жақтардың көрінуі, мейірімсізділік арқылы пайда болатын қақтығыстар балалармен келісімге келмеу болады.Бұл ата-ананың өзін дұрыс ұстамауынан немесе балаға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай себептерден болуы мүмкін. Әдетте ата-ананың  байқаусыз айтқан, не әдепсіз айтылған сөзден балалардың жүйкесінің бұзылуына себепші болатынын сезбейді. Мұндай көңіл-күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естіген балалар тап болады. Олардың отбасындағы негативті тәжірибесі баланың дезадаптациялық қылықтарына негіз болады.

Эмоцияның түрлерін әрбір жас кезеңде байқауға болады. Эмоцияның мінездің әртүрлі формасы мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балаларда да жиі кездеседі

Қорытындылай келе,кейбір балалардың эмоциясы сыртқа бағытталса (шулы, жылауық болуы), енді біреулерінің эмоциясы ішке бағытталады (қорқыныш, үрей), бірақ бұл балалардың қайсысын алсақта, олар өздерінің эмоцияларын қиындықпен меңгереді. Ал, ересектер тарапынан ұрыс және жазалаулар баланың мәселесін одан әрі ушықтырып жібереді. Оған не істеу керек? Бұнда ең алдымен өз балаңыздың ішкі дүниесінде не болып жатқанын, оның не сезінетінін, не ойлайтынын түсініп көруге тырысуыңыз қажет.

Мектепке дейінгі ерте жас шамасындағы балаларға ерекше қарым-қатынастар талап етіледі Олар өте мейiрiмдi, нәзік, өте сенгiш келеді.Сондықтан бұл жас шамасындағы балдырғандарды қамқорлыққа алу, жараламай тәрбиелеу өте маңызды.

Мектеп жасына дейінгі балалар аса сезімтал, эмоционалды келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Олар кез келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала  бала бақшада сабақ үстінде де бір-қалыпты отыра алмайды. Өйткені, өзіне ие бола алмай, сезімнің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бұл жастағы балалар арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.

Мектеп жасына дейінгілердің сезімдері, көбінесе тікелей қажеттіліктеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу — бәрі де олардың қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бұл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.

Үлкендердің айтқанына немесе тыйым салғанына қарамастан, өз ойлағанын табанды түрде іске асыратын балалар да болады. Мұндай бала ешқандай дәлелмен санаспайды. Өз тілегін орындау жолында кедергі көрмеген баланың қасарыспа болып өсетіні сөзсіз. Бала туған күнінен бастап мол дүниеге кезігетін болса, бұларды ылғи табыла беретін нәрсе деп ойлайды. Мұндай бала өзін ешкімнің алдыңда міндетті, борыштымын деп санамайды. Баланың осылайша өсуі – жанұя тәрбиесінің үлкен қатесі. Қандай болмасын бір жұмысты басқаның талабымен орындауға, яғни өзінің алдыңа қойған мақсатын іске асыруға мәжбүр болған бала түрлі кедергілерді жеңе білуге үйренеді. Балаға жүктелетін міндет оның орынсыз талаптарын тыя алуға себепші болады. Үлкендер балаға жүктелген міндеттің орындалуын міндетті түрде қадағалап, қойылған талаптардың баланың жас мөлшеріне сәйкес болуын ескеріп отыруды естен шығармаулары тиіс.

Ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін тәрбиеші баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.

     Мектеп жасына дейінгі  балалардың еріктік-эмоциялық сферасын  дамытудың алғы шарттарын қарастырғанда олардың ұстамдылығын, табандылығын,жинақтылығын дамыту, өз эмоциясын басқара білуді ең негізгі мәселе болып табылады. Балаларды табандылыққа тәрбиелеуде үлкендер мына шараларды жүзеге асырып отырады:

1) баланы жас көзінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;

2) бала  дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге үйрету. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;

3) баланы ұжымдағы ортақ мүде үшін күресе білуге баулу, көпшілік алдыңдағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау — табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.

Қорытындылай келе,ерік-жігерді тәрбиелеуде баланың жеке басын жақсы тани білу, оның әрекетінің негізгі мазмұнын түсіну, осыған орай тиісті тәрбие тәсілдерін қолданып отыру қажет болады. Бұл үшін үлкендер баланың ақыл-ой әрекетін өсіру, оны тәртіптілікке үйрету, өз еркін ұжымға бағындыра алу, жақсы әдеттерге машықтандыру, ұлы адамдардың өнегелері мен істеріне еліктеу, дене шынықтыру мен спортқа әуестендіру, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру сияқты жұмыстарды ретіне қарай жүргізіп отыруы тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Алямовская В.Г., Петрова С.Н. Мектеп жасына дейінгі балалардағы психоэмоционалды күйзелістің алдын алу.- М.: Скрипториум, 2002.- 65 ж.
  2. Карпова, Г.З. Мектеп жасына дейінгі баланың сезімдері мен эмоциялары әлемі. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің тәрбиешісі -2011. –N 8.-S.119-121.
  3. Смирнова Е.О. Ерте және мектепке дейінгі жаста ерік пен озбырлықтың дамуы. М.: Воронеж, 1998. — 97б.
  4.  Изард К.Е. Эмоциялар психологиясы / К.Е.Изард. Аударылған. ағылшын тілінен. — Петербург: Петр, 2008. — 464 б.
  5. Уханова А.В. Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды-ерікті және коммуникативті саласын дамыту бағдарламасы / А.В.Уханова // Білім берудің практикалық психологиясының хабаршысы. — 2009. — № 2. — C.115-124.

USTAZ ENBEGI


Оставьте Ответ

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Контакты


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторские права!

Для использования материалов сайта необходимо предоставить ссылку. Все авторские и косвенные права защищены. Мнение авторов и мнение редакции могут не совпадать. Рекламодатель несет ответственность за содержание рекламных объявлений и объявлений.


Счетчик сайта

Яндекс.Метрика