“J-ART” сурет салу конкурсының қатысушыларымен өткізілген тимбилдинг

 

“J-ART” сурет салу конкурсының қатысушыларымен өткізілген тимбилдинг

12-қазан ,сағат 15:00-де Д.А.Қонаев атындағы мемориялды музейі және музей үйінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен,  «Жастар Рухы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен«ALMATY LEADERS» жобасы аясында“J-ART” сурет салу конкурсы қатысушыларымен шығармашылық байланыс орнату мақсатында ерекше тимбилдинг шарасы өткізілді. Бұл іс-шара талантты суретшілердің өзара тәжірибе алмасып, шабыттануына жағдай жасауға және командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

 

Тимбилдингтің басты мақсаты – шығармашылық бірлік пен серіктестік атмосферасын қалыптастыру. Конкурсқа қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ идеялар мен шабыт көздерін талқылау мүмкіндігіне ие болды.

 

Тимбилдинг барысында қатысушыларға қызықты және интерактивті іс-шаралар ұсынылды, оның ішінде:

  • Танысу тренингі: Қатысушылар өздері туралы қысқаша мәлімет беріп, шығармашылық жолындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті.
  • Командалық ойындар: Қатысушылар арасындағы байланысты нығайтуға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылды.

 

Тимбилдингтің нәтижесінде қатысушылар арасындағы қарым-қатынас жақсарып, шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Бұл іс-шара олардың жеке және кәсіби дамуына оң әсер етті.

“J-ART” конкурсының ұйымдастырушылары болашақта осындай шараларды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр. Қатысушылардың шабыт пен жаңа идеяларға толы әсерлері бұл бастаманың маңыздылығын дәлелдеді.

 

Қосымша ақпарат:

+7 (708) 340-82-65-(Байғабыл Рауан)

Біздің INSTAGRAM парақшамыз:

@almaty_leaders

 

Шығармашылықты бірге дамытайық!

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика