«Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет»

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы

«Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектеп»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Шажилдаева Мадина Жаксибаевна

 

«Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет»

 

     Қазіргі таңда жастар арасында құқықбұзушылық әрекеттері белең алып тұрғаны баршаға мәлім.Балалардың жастайынан адам сенгісіз әрекеттеріне кінәлі кім? Заман ба, әлде қоғам ба? Заман өзгермейді, адам өзгермейді. Отбасында берілетін тәрбиенің салғырттығынан балалардың болашағы бұлыңғыр болып өсуде.Бұрынғы қызды қырық үйден тыйым, жігіттерге бар ақылын  айтатын данагөйлердің ұрпағы неге жастарды босаңсытып жіберді. Бір тудың астында жиылған бүтін елдің балалары бір-бірінің жеке басына өтіп, бопсалап, қоқан лоққы көрсетіп жатқаны, бір-бірімен тіресіп, жаға ұстасқаны қаншалықты дұрыс?

Ер тұлғалы нағыз қазақтың батыры Б.Момышұлының «тәрбиеге бағынған құл болмайды» деген сөзі текке емес. Елде, отбасында тәрбие мен тәртіп болса,олда жастарымыздың болашағы жарқын болар еді деген ойдамын. Бала тәрбиені отбасынан алады, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Әрбір балаға жастайынан дұрыс жолды  көрсетіп, оң бағытты сілтейтін басты өкіл ата-ана. Ата-ана дұрыс тәрбиеге баулып өсірсе қоғамда құқықбұзушылық әрекеттер азаяр еді. Қоғамдағы құқықбұзушылық әрекеттерге баратындардың басым бөлігі қиын балалар, қарама қайшы мінез- құлқы бар балалар, әркімге соқтығып, килігіп бей-берекет әрекеттерге барады. Сол жасаған әрбір әрекетінің соңы қылмысқа апарып соқпасына кім кепіл? Балалардың түнгі мезгілде үлкендерсіз көшеде жүруге дағдылануы қауіпті.Жастардың қоғамға зиянын тигізіп, өз болашақтарына балта шабудың алдын алу керек.Заң бәріне ортақ, кешке балаларын үйлерінен жібермеу, шығармау, балалардың қауіпсіздігі ата-ананың жауапкершілігінде екенін жадынан шығармауы тиіс. Оған біз болып, бүкіл қоғам болып жұмыла жұмыла әрекет етсек, тама-тама дария болар» дегендей көптің мақсаты орындалар деген үміттемін. Ел ішінде құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып, әкелер мектебінің жұмысын жандандырып, заңға қайшы әрекеттердің алдын алайық.Енді тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек қорытынды жасайық.Тәрбиені тал бесіктен беріп, иманды, адамгершілігі жоғары ұрпақ қалыптастыру. Ел болып, ұлт болып ата-бабамыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтайық.Сол арқылы келешек ұрпақты тәрбиелі, ұлтжанды азамат болып қалыптасуына зор септігі тиеді.

Осы орайда Бейсенбай Кенжебаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие  бағдарламасы» аясында «Біз қылмысқа қарсымыз» тақырыбында аудандық  тәжірибелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Семинарда  директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  М.Шажилдаева «Құқықбұзушылық және заңды жауапкершілік»TEDTaiks форматында тақырыбында кездесу,П.Ақшора «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» «Эпикфейл-трек” форматында ұлдар жұмысы, Г.Тұрлыбекова «Қылмыссыз жарқын болашақ» пікірталас, А.Қабылбек «Қыздың ары-ұлттың ары» TEDX –форматында дөңгелек үстел, Н.Сейтбекова  «Менің ғажайып әлемім» тақырыбында тренинг өткізді. Семинарға келген қонақтар әр сыныптарда өткізілген түрлі тақырыптағы сабақтарға қатысып, қорытынды бөлімде өз пікірлерін білдіріп, баға беріп өтті.. Мектеп директоры П.Сапарова сабақ өткен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, осындай семинарлар жалғасын табатынын айтып өтті.

 

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика