Лессон Стади зерттеу сабақтары — даму мен ілгерілеудің формуласы

Атырау қаласы

ЖББ «М.Отаралиев атындағы орта мектебі»

Сагинбаева Гулмира Муратовна

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Лессон Стади зерттеу сабақтары — даму мен ілгерілеудің формуласы

Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың қолында. Еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін  жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымының еншісінде екені айтпаса да түсінікті»

Ел мен елді, халықпен халықты теңестіретін нәрсе, ол – білім» — деп ұлы тұлға М. Әуезов айтып кеткендей, білім – бұл қоғамның ең жауапты, ең қастерлі саласы.  Сондықтан, Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты білімнің қолжетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп алып отыр. Осыған орай білім беру жүйесіне еніп отырған озық,  алдыңғы қатарлы елдердің білім беру жүйесінен алынған  тиімді әдіс, ол «Lesson Study» әдіс -тәсілі дер едім.

Lesson Study әдісі 19 ғасырдың 70 жылдарында Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған. 2007 жылдан бастап Жапониядан тыс жерлерде танымал бола бастады. Бүгінде сабақты зерттеу әдістемесі Сингапур, Гонконг, Швеция, Канада, АҚШ, Ұлыбритания секілді дамыған мемлекеттерде кеңінен қолданылады.

Lesson Study — оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында қолданылады. Мұнда тәжірибелі мұғалімдермен қатар, жас мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Бірлесіп сабақты жоспарлау, зерттеу сабағын өткізу, қадағалау, сабақты талдау арқылы оқыту туралы бірлескен пікір қалыптасады. Сабақты зерттеу тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізетін мұғалімдердің бірлескен жұмысын зерделеуді көздейді.

Бұл әдіс бойынша оқушылардың оқып — үйренуінде қандай қиындық пен кедергі барын анықтап, сыныптағы проблемалардың шешу жолын зерттейді. Lesson Study үдерісінде оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқу үдерісін зерделейді. Бұл тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады.

«Lesson Study»   зерттеу сабақтарын өткізу  мектебімізде жолға қойылған. 9 сыныпта (алгебра, физика, география пәндерінен)  зерттеу сабағы жүргізілді.

 

 

(Алгебра пәнінің мұғалімі Галиева А, физика пәнінің мұғалімі Мұратқызы Мойыл, география пәнінің мұғалімі А. Нығыметолла)

 

Біздің бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, проблемаларды бірігіп шешу деген болмаған еді. Біз осы жұмысты ұйымдастыруда фокс топ құрдық.  Зерттеуді жүйелі жүргізуде топ мүшелерінің еңбегі ұшан теңіз. Топ мүшелері: «А» оқушыны зерттеуші Г.М.Сагинбаева, «В» деңгейлі оқушыны зерттеуші Кулманова А, «С» деңгейлі оқушыны зерттеуші М.С.Койшыбаева, маршрут картаны жүргізуші К.Оразбаева, мәлімет жинаушы А.А. Риздуанова – жас маман)

Біз өз тәжірибемізге Лессон Стади тәсілін енгізе отырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білімін жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екеніне көз жеткіздік.

 

Сабақты зерттеуді — зерттеу  үдерісінің  бірнеше қадамдары арқылы жүзеге асырдық.  Бұл үдеріс барысында ынтымақтастықтағы мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында оқушылардың оқу үдерісін зерделеді. (МАН  ІІ)

Сабақты зерттеу үдерісінің қадамдары: зерттеу тобын құру, оқыту мақсатын әзірлеу, сабақты жоспарлау, зерттеуді жоспарлау, сабақты өткізу, оны бақылау, бақылау нәтижелерін талқылау, жақсартуды енгізу, құжаттау және талдау. Сабақты зерттеу әдісі кәсіби әрекеттердің аясында жүзеге асады: бірлесу, ақылдасу, қолдау.

Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесінде жаңа әдістер енгізіп немесе оны жетілдіріп отырды. Сабақ жоспарында орындалатын жаттығулар, көтерілетін мәселелер, қойылатын сұрақтар, сол шаралар бойынша оқушылардан күтілетін әрекет болжанып, мұғалім оларға қалай жауап беруді жоспарлайтыны көрсетілді. Зерттеу сабағын жоспарлау барысында оқушылардың тапсырмаларды қалай қабылдап, оларды қалай орындайтынын болжанды. Оқушылардың ойлау үдерісін дамытуға көмектесетін мұқият тұжырымдалған сұрақтар мен тапсырмалар қарастырылуы назардан тыс қалмады.

Кейін сабақ барысында оқушының ол тапсырманы қалай орындап шығатынын қарастырылды. Зерттеу сабағы кезінде оқушының сабаққа қалай араласатынына және оның оқуына көңіл бөлінді. Оқушылардың қаншалықты алға жылжығандығының және жоспарланған нәтижемен салыстырғанда олардың қай деңгейге жеткенінің дәлелдері бақыланды. Егер бір дағдының дамуын,  қалыптасуын анықтау көзделсе,  оқушылардың осы дағдыны меңгеруіне қарай, яғни бұл дағдыларды жоғары деңгейде, орта деңгейде және төмен деңгейде меңгерген оқушылар қадағаланып отырды.  Оқушылардың тапсырманы орындау барысында іс-әрекеттерін зерделей отырып, олардың ұғымды,  құбылысты қаншалықты түсінгені, не қате түсінгені туралы,  олардың тапсырманы орындауға қанша уақыт жұмсайтыны және қанша уақыт бос отыратыны туралы, оқушыларға табысқа жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін факторлар туралы терең түсінік алады. Сабақты қадағалау барысында жиналған деректер бойынша талқылау жүргізіледі. Пікірталас кезінде оқушылар оқу мақсатына жетті ме, сабақты қалай жетілдіруге болады және бұл тәжірибеден қандай сабақ алуға болады деген мәселелерге назар аударылады. Сабақты талдау барысында зерттеу тобы сабақты қайта қарау жолдарын анықтады. Нәтижесінде Lesson Study тәсілі — оқушылардың білім деңгейі көтеріліп, оқытушылардың  оқыту әдістемесі жетіліп  сабақтағы  зерттеудің ерекше үлгісі қалыптасты.  Оқушы сабақты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді әдісті анықтау арқылы жетістікке жетуге болатынын түсіндік.

Лессон Стади оқушыға саналы білім беруді көздеген, бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы деп айтсақ, артық айтпаған болар едік.  Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Ж. Аймауытұлы 1929 жылы жазған «Комплекспен оқыту жолдары» атты еңбегінде «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады.    Өмірінше ұмытпайды», — деп  көрсеткен. Демек, жаңартылған білім мазмұнына сай, бірлесе әрекет етіп, нәтижеге бағытталып, мақсатты түрде  құрылған әр сабақ оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзіреттілікке жол аша түскендей.

 

 

Оставьте Ответ

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Контакты


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторские права!

Для использования материалов сайта необходимо предоставить ссылку. Все авторские и косвенные права защищены. Мнение авторов и мнение редакции могут не совпадать. Рекламодатель несет ответственность за содержание рекламных объявлений и объявлений.


Счетчик сайта

Яндекс.Метрика