МҰҚАҒАЛИ АҚИЫҒЫ ӨЛЕҢНІҢ

Түркістан облысы, Созақ ауданы
Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің
10 – сынып оқушысы Бабайхан Дастан
Жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Құтжанова Гулия Тұрлыбекқызы
Көк аспанда қалықтаған ақиығы өлеңнің,
Поэззияның патшасы, дарабозы өнердің.
Өлмейтұғын жырлары көзі болды көненің,
Оқып, тоқып көңілге, сусындадым көгердім.
Тілін, халқын, Отанын үш бақыты санаған,
Өлең сөздің кірпішін, іргетасын қалаған.
Нағыз ақын Қазақ үшін, өлең үшін жараған.
Өзгелерге ұқсамайтын Мұқағали дара адам.
«Ұйықтағанда аққулар», табиғатпен сырласқан,
Адам жанын түсініп, «Аққайыңмен мұңдасқан»,
«Дариға жүрек» елжіреп, «Өмір – өзенмен» бір жүзіп,
Шабыт алып музадан, досы болған жыр – дастан.
Өлеңінен бойыңа алапат күш аласың,
Қара өлеңнің қасиетін қастерлеген Алашым.
Сұлу сөзбен тұрғызған бұл поэззия қаласын,
Мұқағали, әрбір қазақ сені батыр санасын!
Поэззия алып қайық, жүзе білсең теңізде,
Дертті болсаң поэззия теңізінен ем ізде.
Мұқағали сол теңіздің, толқынынан жараған,
Толқынан жараған ба, әлде онымен егіз бе?!
Толқын болып сан мың мәрте лақтырылды жағаға,
Жағасынан қолқалаған бұл қоғамға жаға ма?
Мың адамнан дос таппай, дертті жүрек тасыған,
Жүрегі оның мейірге емес, толып кеткен жараға.
Сұм тағдыр да қысқа ғұмыр берген екен ағама…
Уақыттар да өтіп жатыр, ауысты жыл өзгерді,
Өзгерді де тар кезеңдер реңі түзі кез келді.
Бүгінде мен поэззия үшін қаламымды саптадым,
Жазу үшін атылмаған жалғыз оқтай сөздерді.
Халқың сүйіп, құрметтеп, берді өзіңе бағасын,
Поэззия пайғамбары, теңдесі жоқ дарасың.
Халқың барда сен тірісің, оған мүлде күмән жоқ,
Себебі сен нұрландырдың бар Қазақтың санасын!

