Сындарлы оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

Түркістан облысы, Арыс қаласы
С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің
физика пәнінің мұғалімі Аскарова Мейркуль Отарбековна

 

 

 

Ел дамуы әрқашан болашақ жастардың қолында екені белгілі. Сол жастарды білімді,  тәрбиелі тұлға етіп  шығару әрбір ұстаз бен ата-ананың міндеті.  Қазіргі таңда заман ағымына қарай білім саласы қарыштап дамып келеді.  Жаңа ақпараттар, жаңа реформалар мен технологиялар   еліміз үшін әрқашанда белсенді болуды көрсетеді.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енгізіп жатқан білім беру бағдарламасы – заман талабына сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандаратын тың бағдарлама. Жаңаша оқытуда педагогиканың барлық аспектілері сындарлы оқытуға негізделген. Яғни оқушылардың бір-біріне сын тұрғысынан қарауы. Негізгі білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу.

Ғылым мен білімнің қарыштап дамып, озық технологиялардың пайда болуына байланысты әр елдің білім беру стандарттары да, білім беру үдерісі де мейлінше жаңаланып, ұдайы өзгеру үстінде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беріп, заман ағымына ілестіріп, кемел болашаққа жол бастыруда ұстаз еңбегінің арқалар жауапкершілігі мол. Сол елеулі еңбек үшін ұстаздар тарапына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырады. Себебі оқушы сапалы әрі жүйелі білім алуы үшін мұғалім де үнемі шығармашылық ізденіс, үздіксіз оқу үстінде болуы керек. Әрдайым шығармашылығын шыңдап, заманауи үлгіде қажетті ақпаратты бере алатын мұғалім ғана үздік нәтижеге жетіп сапалы жетістік көре алады.

Оқыту жүйесіндегі әр пән өзінің теориясымен, даралығымен, ғылымилығымен, өзіндік ой қалыптастыруға, ой қорытуға, тұжырым жасауға, өмірмен ұштастыра практикада қолдануға үйретеді. Оның ішінде физика пәні оқу үдерісінде ерекше орын алады. «Физика (көне грекше: φύσις — табиғат) — зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым» делінген ашық энциклопедияларда. Демек, оқу пәні ретінде физика сабағы оқушылардың әлемді ғылыми тұрғыдан қарастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың әлемге деген дүниетанымы мен сенімдерін қалыптастыруға, жоғары интеллектті тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы орайда физика пәнін жақсы меңгертіп, сапалы нәтиже алу үшін ең алдымен оқушыларда пәнге деген қызығушылықты оятудан бастау керек деп есептеймін. Оқыту кезінде пәнге деген қызығушылық пайда болған сәтте ғана үдеріс алға қарай жылып, білім меңгеріледі. Ал оқушының бойында пәнге деген қызығушылықты ояту үшін әр түрлі инновацилық әдіс-тәсілдер, тиімді методикалар пайдаланған жөн. Сонымен қатар көріп, білуге деген құштарлықтарын, танымдық әрекеттерін арттыру үшін осы пәнге арналған зертханалық кабинеттер, зерттеу құралдары, есептеуіш техникалардың бар болуы әрине жұмыстың оңтайлы болуына септігін тигізеді.  Сабақты өту барысында

Жалпы сындарлы оқыту технологиясын қолдана білу керек. Себебі сындарлы оқыту  – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

 

Пәнді оқыту барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын ескере отырып олардың ойлау қабілеттерін пайымдаған жөн. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып өздігінше қорытынды жасауға, мәселені шешудің заманауи тетіктерін іздеуге, практикада қолдануға үйретеміз. Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Демек логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың сәйкестігінде, олардың шындыққа сай келетіндігінде. Логикаға түскен құбылыс, іс-әрекет түсіндіріледі, себептері мен салдарына ажыратылады, дұрыс түйін қалыптасады. Балалардың ойлауын дамыту туралы Мағжан Жұмабаев: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанынан дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек» деген сөзі әр есті мұғалімнің назарында болуы тиіс нақыл деп есептеймін. Мұғалім өз пәнін жете меңгерген, оны оқушыларға ғылыми тұрғыда негіздеп бере алатын, қарапайым тілде түсіндіріп күнделікті өмірмен ұштастыра білуі керек. Тағы да айта кететіні, оқушылардың сабақта айтылған деректерді, формула, есептерді ұзақ уақыт бойына есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ақпаратты тірек схемалармен беру, тірек конспектілері арқылы беру үлкен көмек тигізеді.

Физика сабағын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер диалогтік, яғни сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру арқылы, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне, ақпараттық-коммуникативтік, саралай оқыту үдерісіне, оқыту мен оқуды бағалау және бақылау әрекеттеріне негізделеді. Оқушылардың жекелей қарым-қабілеттерін ескере отырып деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқыту, «тарсия әдісі» (қағаз қиындыларына сұрақ және формулалар жазып құрастыру), «монологты баяндау әдісі» (мұғалім бір ғалым туралы оқиды, оқушыға тапсырма беріп орындату), «джигсо» (әдісі жаңа тақырып ашуға), «миға шабуыл» (үй тапсырмасын пысықтауға), «пайымдау тест» (топтық жұмыста), «кім жылдам» әдісі (есептерді жарыса шығаруға), «өзіңді тексер, дұрыс/жалған» әдісі, «блум таксономиясының 6 сатысы» бойынша да түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып озық ойлы, өз алдына пайымды пікір айта алатын, өздігінше өмірдегі келелі мәселелерді шешуде заманауи көзқарас таныта алатын білімді оқушы шығара аламыз. Осы үлгілерді қолдана отырып құрылған сабақ әлбетте игерілген білім, сапалы қорытынды беретіні сөзсіз. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы біз оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырамыз, тұжырымды ойларын сызба, схема, формула, суреттер, физикалық тәжірибелер арқылы жеткізуге, физика тілінде мәдениетті әрі сауатты сөйлеуге, іздену іс-әрекетін қалыптастыруға, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырып, зертханалық жұмыстарға тиянақты әрі жауапкершілікпен қарауға машықтандырамыз.

Жаһандық өзгеру үдерісін ескере отырып, оқу мен оқытудың формациясының әрдайым өзгеріп, оқушылардың толыққанды дамуы үшін білім беру процессін ұйымдастырып, интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеп, оқыту үшін, білім беру саласындағы реформаларды қабылдай отырып біз сол үлкен іске жауапты тұлғалар ретінде өз білімімізді әрдайым жетілдіріп, кеңейтіп, үздіксіз жаңару үстінде болуымыз керек деп есептеймін. Сол кезде ғана біз патриоттық, адамгершілігі мол, рухани жетілген және мәдениеті дамыған, әр құбылысқа ғылыми, заманауи көзқарас білдіре алатын, бағалы құндылықтарды бойына сіңіре білген, қоғамда бәсекеге қабілетті, өмір бойы оқуға дайын, үштілде ақпаратты, білімді игере білетін шәкірт тәрбиелейміз деген ойдамын.

 

 

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика