Topiq.kz -тің тиімділігі мен маңызы

Хасиденова Айзада Арайқызы

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы                                                             

Мерген жалпы орта білім беретін

мектебінің шет тілі пәні мұғалімі

 

 

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» — деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев білім беру саласындағы қызметкерлердің жауапкершілігін атап көрсеткен. Жаңа формацияның қазіргі заманғы мұғалімінің алдында үлкен жауапкершілік, яғни оқытудың, оқудың және тәрбиенің жаңа заманауи мазмұнымен жабдықталған, электронды жабдықтарға негізделген жаңа ақпараттық технологиялармен ұштастыра отырып сапалы білім беру міндеті тұр.

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану: білім мазмұнының заман талабына сай болуына, оқушылардың болашақта қажетті білімді толығымен алуына, білімді өздігімен меңгеруіне, өзін-өзі бағалай алуына бағыттайды. Қазіргі таңда кез-келген мектепте электронды оқулықтарды пайдалану кең үрдіс алып келеді. Соның бірі – еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу.

Отандық TopIQ.kz платформасын оқу үрдісінде пайдаланудың ең тиімді тұсы – баланың қызығушылығын оята отырып, білім алуға бар ынта-ықыласымен баулуы. Платформа оқытуға жекелендірілген тәсілді ұсына отырып, әр оқушының білім деңгейі мен қабілеттеріне бейімделе алады. Аудио және бейне материалдары, графикалық иллюстрациялар және интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылар қызықты және практикалық түрде оқи алады.

Аталған платформаны пайдаланудағы өзімнің жеке тәжірибеме келетін болсам, шет тілі мұғалімі болғандықтан, өзге тілді жеңіл әрі қызықты түрде үйренуге бұл платформаның тигізер көмегі аса зор. Сабақ барысында әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды бірге орындап, дескрипторлары арқылы тексеріп, сабақтың әр кезеңінде оқушыларыммен кері байланыс орнатып отырамыз. Платформадағы дайын аудио және бейне материалдар оқушыларымның бастауыш сыныптан-ақ, ағылшын тілінде жаңа сөздерді, мәтіндерді дұрыс оқып-үйренуіне және білім деңгейінің көтерілуіне жақсы көмектеседі.

Платформаның оқушыларым үшін ерекшелігі неде болды?

– оқушыларымның сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы күрт артты;

– оқушыларымның уақытын үнемдеді;

– ойын арқылы сабақтарымды жеңіл әрі тез қабылдауды жүзеге асырды;

– тапсырманы кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген гаджетте орындай алды;

– оқушыларым шет тілін үйренудегі барлық 4 дағды бойынша жұмыстана алды;

– түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталай алды;

– ережелерді тыңдап, сөздердің қалай дұрыс оқылуына баса назар аудара алды;

Платформаның өзім үшін ерекшелігі неде?

– сыныптағы барлық оқушыма дайын тапсырма тағайындау мүмкіндігі;

– өзіме қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала білу қолжетімділігі;

– сабақтың барлық кезеңінде қолдана алу мүмкіншілігі;

-орындалған тапсырмаларды бағалап және комментарий бере алу нәтижелілігі;

– кез келген оқу жылына арналған оқу материалына қолжетімділігі;

Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады. Оқушылар үшін электрондық оқулық – ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Ал мұғалімдер үшін ол өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе. Сондықтан да барша ұстаздар мен оқушыларды отандық озық «TopIQ.kz» электронды оқулықтар платформасын пайдалануға шақырамын!

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика