«Менің мамандығым – менің таңдауымның табыс кілті»

Мақсаты: Электрмен қамтамасыз ету мамандығының маңыздылығын қоғамдағы орнын, болашақ энергетик, электр энергиясының тиімділігін меңгеру, мамандыққа қызығушылықты дамыту жолдарын талқылауға салу, қолдану аясын кеңейту туралы пікір алмасу.

 

       «Электрмен қамтамасыз ету»  мамандығында апталық аясында өткізілген «Менің мамандығым – менің таңдауымның табыс кілті» атты дөңгелек үстелге колледжіміздің  түлегі,  білікті маман  ТОО «Картел» мекемесінің  бас  энергетигі  Изимов Серик Ратович келген болатын.

Сұқбаттасу барысында Серик Ратович осы Ақтөбе политехникалық колледжін 2011 жылы  аяқтап, әрі қарай білім жолын  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде жалғастырғаннын айта кеткен болатын. Ол еңбек жолында көптеген жетістіктерге жетіп,  қазіргі таңда ТОО «Картел» мекемесінің  бас  энергетигі қызметеін атқарып келеді.

Серик Ратович студенттердің қызығушылықпен қойған сұрақтарына,  толық әрі нақты жауап берді.      

Сонымен қатар бұл мамандықтың  маңыздылығын қоғамдағы орнын, болашақ энергетик мамандардың сұранысқа ие екенін  атап айтқан болатын. Осы орайда мамандықтарына қатысты мәліметтер алған студенттердің маманға қойылатын  сұрақтарыда  еселене  түсті.

Бұл   дөңгелек үстелде студеттерге мамандығының ерекшелігін, адам өмірінің табылмас құралы электр энергиясының маңыздылығы жөнінде докладтар оқылып, бейне баяндар және  мәліметтер айтылды.  Қазіргі таңда электрлендіруді дамыту, адамзат қоғамы үшін өте маңызды. Технологиялық прогресті электр энергиясыз елестету мүмкін емес.

Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан қарағанда бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болатындығы.

Біз электрмен қамтамасыз ету мамандығы бойынша жақсы білімді өз мамандығын жетік меңгерген, болашаққа нақты қадам жасай алатын, бәсекелестікке қабілетті маман тәрбиелеуіміз қажет. Сол себепті сабақты жақсы оқып, өз бетінше ізденіс жасайтын ұрпақ тәрбиелеу. Сол кезде ғана  білімді маман дайындай аламыз. Ол үшін осы отырған барлығымыз да үлес қосайық.

Ал болашақ- осы отырғын студенттер сіздердің қолдарыңызда. Жеткелең ұрпақтың өсіп дамыуы сіздерге тікелей байланысты.

Осылай энергетика туралы ақпараттарды біле отырып, қазіргі қоғамда бұл сұрақ қаншалықты маңызды орында?! Осы сұрақтарға пікір алмасу мақсатында маманның қатысуымен дөңгелек үстел  ұйымдастырылған болатын.

Сөзімді қорытындылай келе, бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушыларымызға алғыс айта отырып, тек сәттілік тілейміз!

Осыдан кейін студенттеріміз бұдан да жақсы оқуға, мамандыққа деген сүйіспеншілігі артады деген ойдамыз.

 

 

 

 

Тоймағамбетова Айымгуль Мырзагалиевна

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің

арнайы пән оқытушысы.

 

 

 

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика