«Білім саласының ардагері – Сексенәлі Раханов»

Аймурзаева Лаура

Арал индустриалды-техникалық колледжінің

экономика негіздері пәнінің оқытушысы

«Білім саласының ардагері – Сексенәлі Раханов»

Сексенәлі Раханов  – Қазақстанның білім саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен, ұрпақ

тәрбиесіне зор үлес қосқан ардагер ұстаз. Оның өмірі мен еңбегі білім беру жүйесінің дамуына, жастардың сапалы білім алуына бағытталған.

Сексенәлі Раханов 1945 жылы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген.  1971 жылы Қызылорда педагогикалық институтын физика мамандығы бойынша бітірген. Негізгі мамандығы физика-математика саласы болғанымен, ол – тарихи және танымдық тақырыптарды зерттеген, қаламы жүйрік қаламгер. Бос уақытын шығармашылыққа арнаған жанның қаламынан туған мақалалар мен туындылар жеткілікті. Оның «Әке аманаты», «Маңдайға біткен марқасқа», «Сырдың Смекесі», «Салмақты ойдың сәруары», «Дананың сөзі – ақылдың кені», «Тамыры терең бәйтерек», «Сағындырған сағым жылдар», «Қаратаудан түлеп ұшқан», «Абай туралы айшықтар» атты кітаптары – көзіқарақты оқырманға үлкен олжа.

Өзінің еңбек жолын Жаңақорған ауданындағы №55-орта мектепте бастады.  1976–1979 жылдары кәсіптік-техникалық училищесінің директоры, 1979 – 1987 жылдары облыстық кәсіптік-техникалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары, 1987–2005 жылдары Қызылорда қаласындағы кәсіптік-техникалық мектептердің директоры болды. 2005 жылдан №8-облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернаттың директоры қызметін атқарды.

Сексенәлі Рахановтың еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды.  Оның кәсіптік-техникалық білім беру саласында жеткен жетістіктері үшін 1983 жылы «Қазақстан Республикасы кәсіптік-техникалық білім беру үздігі»  және  1993 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі»  белгісімен марапатталған.Сексенәлі Раханов «Қызылорда облысының құрметті қайраткері» атағына ие болды. 2000 жылы «Ғасыр адамы» байқауында Қызылорда облысы бойынша «Шабыттың шыққан шыңында» номинациясының иегері болды.

С. Раханов өзінің саналы ғұмырында қандай жетістікке жетіп, қандай биікке көтерілсе де, оған іскерлігі мен еңбекқорлығының арқасында жеткен. Менің Сексенәлі ағамызбен таныстығым оның «Кәсіптік білім көкжиегі» республикалық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарғанында басталды. Мен осы газеттің тілшісі атандым, ағамыздың бірнеше марапаттарына ие болдым. Ол кісі мақаланы қалай жазу керек, тақырыпты қалай таңдау керек, ақпараттарды қалай жинақтап бөлісу керек екені туралы маған ұстаздық етті. Ағамызмен әңгімелесу өте қызық болатын. Ол жан-жақты дамыған тұлға еді. Өзі науқастанып қалған кезінде де жан-жағына жанашырлығын танытып, ақылымен қол көмегін аямаған. Оның еңбегі бүгінгі күні де жастар үшін үлгі болып табылады.  Білім саласына қосқан үлесі мен адал қызметі арқылы ол көптеген ұрпақтың жүрегінде мәңгілік орын алды.

Сексенәлі Раханов – өз ісінің нағыз шебері, білікті ұстаз және қоғам қайраткері ретінде танылған тұлға. Оның еңбек жолы жастардың сапалы білім алуына бағытталған және олардың болашағына үлкен әсер етті. Білім саласындағы ардагерлердің бірі ретінде Сексәнәлі Рахановтың есімі әрдайым құрметпен аталатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика