Ұстаз — болашақ сәулетшісі

Шымкент қаласы, ЖШС «Academy of Golden Kids» мектебінің

11 сынып оқушысы

Махажан Шырай Мұхитқызы

 

 

 

 

Әр адамның жүрегінде мәңгі өшпес тұлға ол – ұстаз. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап бізге бар мейірімін төгіп, білім нәрімен сусындатып, өмірге дайындайтын жан – ұстаз. Менің де өмір жолымды айқындауға себепші болған ұстаздарым аз емес. Сол ардақты жандарға осы мақала арқылы алғыс білдіргім келеді.

Мен ЖШС «Academy of Golden Kids» мектебінде 9-сыныптан бастап оқып келемін. Бұл мектеп сол жылы ғана ашылған болатын. Жаңа мектеп, жаңа орта – бәрі маған үлкен жауапкершілік сияқты көрінді. Алайда ұстаздарымның қолдауы мен мейірімі менің жаңа ортаға тез бейімделуіме көмектесті. Бастапқы күннен-ақ мұғалімдеріміз барынша қолдау көрсетті. Олар тек сабақ оқытумен шектелмей, бізге рухани күш беріп, сенім ұялатты. Әр ұстаздың өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігі мені таңғалдырды. Мектептегі әр пән өз алдына маңызды. Алайда әр оқушының қабілеті мен қызығушылығы әр түрлі болғандықтан, таңдау пәндері де әрқалай. Бұл таңдауда ұстаздың ықпалы зор. Ал менің таңдау пәнім – химия.

Химия пәнін таңдауыма Амиркулова Гүлзина апайдың ықпалы ерекше болды. Ол кісі сабақты үлкен ынтамен түсіндіріп, күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен жеткізе білді. Әр сабағында химияның күнделікті өмірмен байланысын көрсетіп, менің қызығушылығымды арттыра түсті. Ұстазым тек пәнді үйретіп қана қойған жоқ, өзіме деген сенімділік ұялатты, үлкен мақсаттарға жетеледі. Сол кісінің қолдауымен мен химияны тереңірек оқуға, болашағымды осы ғылыммен байланыстыруға бел будым. Сонымен қатар мектебіміздің жүрегі, бас  ұстазы – Мангутов Бақтыбай ағай. Ол оқушылар мен мұғалімдердің пікірін әрдайым жоғары қойып, барлығымыз үшін қолайлы орта қалыптастыруға тырысады. Әр айтқан сөзі жүрегімізге жылы тиіп, мотивация береді. Сондай-ақ маған бағыт-бағдар көрсеткен басқа да ұстаздарым көп. Атап айтсам, сынып жетекшім әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі –Джусупбаева Жұлдыз, математика пәнінің мұғалімі – Медетова Дана, биология пәнінің мұғалімі – Жиренбаева Гүлсара, тарих пәнінің мұғалімі – Алиева Мақпал ұстаздарыма алғысым шексіз. Барлық ұстаздарым – өз ісінің нағыз шеберлері. Олар бізге біліммен қатар тәрбие мен мейірімді де беріп келеді.

Ұстаз – тек білім беруші емес, әр оқушының тағдырына әсер ететін тұлға. Менің өмірімде осындай жанашыр, білімді, әділ ұстаздардың жолыққаны – үлкен бақыт. Олар маған біліммен қатар шабыт, сенім және болашаққа деген үміт сыйлады. Осындай ұстаздардың арқасында мен өз арманыма сеніп, алға батыл қадам басып келемін. Барша ұстаздарыма алғысым шексіз!

 

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика