Шаттыққа толы ұямыз
Манғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№5 «Балбөбек» бөбекжайының
тәрбиешісі педагог – модератор
Балманова Гулпан Огизбаевна
Тақырыбы: «Шаттыққа толы ұямыз»
Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,тақпақ,өлең,әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету.Бір-бірін сыйлауға адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер,түрлі-түсті шарлар,аниматорлар.
Жүргізуші: Армысыңдар балалар,бармысыңдар,
Жазда келді,жайнаған гүлді шыңдар.
Армысыңдар бәріңде,армысыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме мерекеге жиналған қонақтар,ата-аналар,балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емеспе,бал бұлақтан жалғайтын.
Сүйкімді періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
1-Маусым 1950жылдан бастап халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді.Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз.Аталған мерекемен бізді құттықтай келген қонақтарымызды таныстырып өтейін.
Құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың директоры Жанат Абайқызына береміз.
Ән; «Балабақша»№5 «Құлыншақ»тобы
Сайқымазақтардың келуі. (Сайқымазақ,Лола,Тедди)
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыздар? Бізге неге айтпадындар а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
Жүргізуші:Тоқта,тоқта сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін улкен мереке,біз оны тойлаймыз,ешкім кедергі бола алмайды!
Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер тәртіп сақта!
Балалар Сайқымазақтарды қалдырамызба? Қалдырамыз.
Жүргізуші:Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертереңгі.
Уйренген өнерін көрсетсін,
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.
Тақпақ №5 «Құлыншақ»тобы
Би; «Көбелек» №6 «Қарлығаш»тобы
Тақпақтар №5 «Құлыншақ»тобы
Жүргізуші: Иә,рас,бала болған бәріде,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезді еске алып отырсақ,
Сол емеспе тірішіліктің мәніде!-дей отырып Сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.
Ойын: «Арқан тарту!» Шарты:балалар екі жаққа бөлініп арқанды тартып күш сынасады.
Жүргізуші:Көк жиектен күлім деп,
Маусымның таңы атты.
Тұра қойшы күнім деп,
Анау сені оятты.
Даналардың тілегі,
Ауырмасын ешқашан.
Аналардың жүрегі.
Ән: «Біз бақытты баламыз» №7 «Айналайын»тобы
Ендігі кезекті тақпақтарға береміз.
Ойын: «Кингіру»
Келесі тамашалайтын! Би: «До ре ми»
Тақпақтар:
Жүргізуші:Қабыл алшы өнерлердің баланың,
Тілектері орындалсын анамның.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырыр бабамның.
Біз өнерсіз баламызба?
Көрсін апа,ағалар,
Көрсін папа,мамамызда.
Ырза болсын балалар.
Сайқымазақтар:Жарайсыңдар балалар сендер өте жақсы өнер көрсеттіңдер,менің сендерге әкелген сыйлығым бар,міне қабыл алыңдар.
Мен сендерге тәттілермен шырын әкелдім!
Жүргізуші: Рахмет сендерге! Сайқымазақтар осылай біздің балабақшамызға келіп тұрыңдар.

