«Ана, әже және мен» байқауы
Манғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
№5 «Балбөбек» бөбекжайының
тәрбиешісі педагог – зертеуші
Саитгалиева Назым Ибрагимовна
«Ана, әже және мен» байқауы
Мақсаты: Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, балабақша мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен таныстыра отырып, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Баланы кішіпейілділікке, үлкенді құрметтеуге үйрету.
Қазақи ою- өрнектермен безендірілген ағаш үйдің ішінде әже ұршық иіріп, анасы құрт жасап отырады. Сол кезде көрші әже келеді.
— Амансыңба замандас.
— Қалайсың көрші амансыңба. Төрге шық. Келін шәйіңді әкел, замандаспен әңгімелесіп отырып, шәй ішейік.
— Жоқ көрші мен асығыспын, шаруам бастан асат. Сәрсенбінің сәтті күні үлкен балама еншісін беріп, бөлек шығарамын. «Қиямет күні көршіден» деп, сол хабарымды айтқалы келдім.
— А көрші оң болсын! Жақсы жаңалығың бар екен.
— Жақсы онда замандас жұмыс көп — деп шығып кетеді.
— Ай келін шырағым-ау. Көршімен 40 жылдай іргелес отырдық, баласына енші беріп жатса, ұялмасымызды жасармыз.Терме әдісімен алашамызды тоқып, соны сыйға берейік.
— Жарайды апа, Олай болса сізге өрнегіңізді алып келейін. (Әже өрнек тоқиды. Сол кезде немересі келеді.
— Әже, әже! Не тоқып жатсыз? Бұл не?
— Қел қызым. Көрші баласын жеке отау қылып,енші бергелі жатыр екен, соған құр қол барсақ ұят болып қалмасын деп, терме әдісімен алаша тоқып жатырған жайым бар.
— Әже, мен де тоқып көрейінші.
— Кел қызым, үйренген өзіңе жақсы.(Әжесі тоқу жолдарын көрсетеді)Сенде өсерсің, бой жетерсің, сағанда бұл өнер болар ботам. Әжеңмен, анаңның өнерін ары қарай жалғастыратын сен қой ботақаным.
Алаша – жүн немесе мақта жіптерден тоқылады. Қолданылатын жіптер талғамына сәйкес тиісті бояулармен боялады. Негізінен алаша төсеніш ретінде қолданылады. Жүнді түтіп, ұршықпен иіріп аламыз содан кейін жіпті түрлі түске бояп аламыз.
Немересі алашаны тоқып отырады.
— Жарайсың ботам! Икемің бар екен! Маған береғой біз тездетіп үлгеруіміз керек. Одан да сен анаңа көмектес, құртты тездетіп дайындау керек, көрші дастарханына қойсын.
(әжесі алашаны тоқиды)
Анасы құрт жасап отырады. Қызы барып:
— Анашым құрт неден жасалады.
Қызым құрт- қазақ халқының ұлттық тағамы. Құрт жасау әдісі бойынша алдымен айран-шалапты сабаға жинайды. Оған сүтті пісіріп құяды, кейде шикілей де құя береді. Саба толған кезде пісіп, майын алады. Май алынғаннан кейін қалғанын іркіт деп атайды. Іркіт қайнатылады. Әбден қайнап қоюланған соң қапқа құйылады. Содан соң суын әбден сорғытып, кептіреді. Осыны құрт деп атайды. Қызым құрт жасауда оңай емес.
Осымен көрініс аяқталады.

