Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№5 «Балбөбек» бөбекжайы
жедел басқару құқығындағы МКҚК-ның тәрбиешісі
Педагог- Модератор Уразалиева Ажар Науканбаевна
Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы.
Тақырыбы: Мақал сөздің азығы, жұмбақ ойдың қазығы
Мақсаты: Мақал — мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына. Мақал — мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық туралы мағлұмат беру. Білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, ой түйіндеу, ауыз екі сөйлеу, ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Шешендік сөйлеуге, сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Додокаэр әдісі, 5 қадам әдісі, Шыбын әдісі
Додокаэр әдісі: (амандасу)
Тәрбиеші: Ооо Балалар мында бір қорапша бар екен ішін ашып көрейікші.
Тәрбиеші: Балалар сіздерге жұмбақ жасырыпты.
Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін (Кітап)
Тәрбиеші: Балалар бұл жұмбақтың жауабын кім біледі?
Балалар: Білмейміз.
Тәрбиеші: Олай болса балалар осы жұмбақтың шешуін табу үшін жолға шығамыз.
Тәрбиеші: Балалар ,бес қадам әдісін пайдаланып жол жүреміз.
Музыка әуенімен балалар жолға шығады.
1-қадам:
Тәрбиеші: Балалар алғашқы қадамымызды ойын түрінде бастайық.
Тәрбиеші: Ойын. (Мақалды жалғастыр)
— Әдепті бала – (арлы бала)
Әдепсіз бала – (сорлы бала)
— Ұланы бар елдің – (Ұраны бар)
— Көз қорқақ – (қол батыр)
Тәрбиеші: Жарайсыздар, балалар.
2-қадам:
Балалардың алдынан қария ата шығады.
Ата: Амансыңдарма балалар. Қандай сүйкімдісіңдер.
Балалар: Сәлеметсізбе Ата.
Ата: Қайда жол жүрдіңдер.
Балалар: Біз жұмбақтың шешуін іздеп бара жатырмыз
Ата: Балалар сендер жаңылтпаш білесіңдерме?
Балалар: Иа білеміз.
Ата: Олай болса жаңылтпаш айтып жарысайық.
Тақпақ жатта
Жатқа жатта,
Шеше кеше
Неше кесе
Сынды кеше
Әлді бала әлдірек
Әлсіз бала тәлтірек
Екі аяқ сабалайды
Доп домалайды
Ата: жарайсыңдар балалар жолдарың болсын.
3-қадам
Жол бойынан қазақ батыры шығады.
Балалар: Сәлеметсізбе! Батыр аға.
Батыр: Амансыңдарма балалар. Балалар сіздер қайда баражатырсыздар?
Балалар: Біз жұмбақтың шешуін іздеп жүрміз, сіз білесізбе?
Батыр: Қандай жұмбақ?
Балалар: Қабат – қабат қапталған
Асыл сөзбен апталған
Парағы бар сөйлейтін
Ол қазына өлмейтін
Батыр: Балалар бұл жұмбақтың шешуін таба алмадым.
Балалар: Білесізбе біз сіз туралы көп мақал-мәтел білеміз.
- Ақынның хаты өлмейді
Батырдың аты өлмейді.
- Елін сүйген, ер болар
- Айлалы батыр – алдырмас
- Батыр туса — ел ырысы
Жаңбыр жауса — жер ырысы
Балалар шыбын әдісі арқылы батырдың суретін жинап береді.
Батыр: Жарайсыңдар балалар жолдарың болсын.
4-қадам
Тәрбиеші: Балалар шаршаған болармыз. Бір серігіп алайық
5-қадам
Тәрбиеші: Балалар міне біз жұмбатың шешуін тапқан сияқтымыз.
Балалар бұл не? Кітап
Кітап: Сәлеметсіздерме балалар. Менің атым – Кітап.
Мен адамның досымын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады. Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға, қала-қалаға таратады. Міне, мен сендердің қастарыңда тұрмын. Мені күтіп жыртпай ұстаңдар. Мен сендердің сенімді досыңмын.
Балалар қуанып мақал-мәтелдерін жарыса айтады.
Кітапты құшақтайды.
Мадақтау.
Заманауи кітаптармен таныстыру. (Көрме)

