«IQ-ALA JASTARY» жобаны іске асыру қорытындылары бойынша «Қоғамдық тыңдалым» ұйымдастырылды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Алматы қаласы «Жастар Рухы» ЖК, «Алаш Жастар Одағы» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен «IQ-ALA JASTARY» жобаны іске асыру қорытындылары бойынша «Қоғамдық тыңдалым» ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жобаны іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелерді талқылау, жастардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған ұсыныстар әзірлеу, сондайақ Алматы қаласындағы жастарды қолдауға бағытталған жаңа бастамаларды анықтау болды.
Қоғамдық тыңдалымға «Жастар Рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы Әкежан Кеңесов, Алматы қаласы жастар ұйымдары, белсенді студенттер және «IQ ALA JASTARY » жобасының қатысушылар қатысты. Тыңдалым барысында жоба нәтижелері таныстырылып, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика