«JANA BELES» студенттер фестивалінің қатысушыларымен тимбилдинг өтті

«JANA BELES» студенттер фестивалінің қатысушыларымен тимбилдинг өтті

 

2024 жылдың 1 желтоқсанында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен,  «Жастар Рухы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен

«ALMATY LEADERS» жобасы аясында «JANA BELES» студенттер фестивалі аясында ерекше тимбилдинг іс-шарасы өтті. Бұл шара жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, командалық рухты нығайтуға және жаңа идеяларды ортаға салуға бағытталған.

Тимбилдингке Алматы қаласында орналасқан ЖОО-дан 20-дан астам студент қатысты. Қатысушылар бір-бірімен танысып, өзара сенімді қарым-қатынас орнатып, бірлескен жұмыс арқылы жаңа тәжірибелер алды. Шара барысында командалар түрлі интерактивті ойындар мен шығармашылық тапсырмаларды орындап, көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қабілеттерін сынады.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, олардың инновациялық және креативті қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жаңа достық байланыстар орнату болды.

 

Тимбилдинг барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

  • Командалық ойындар – қатысушылардың креативті ойлау және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
  • Талқылау алаңдары – студенттер өз идеяларын ортаға салып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолдарын талқылады.

Фестиваль қатысушылары шарадан ерекше әсер алып, өзара тәжірибе алмасудың, ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінді. Тимбилдингтің қорытындысы ретінде командалар өз идеялары мен жобаларын таныстырып, ең үздік шешімдер марапатталды.

«JANA BELES» фестивалі – қаламыздың жас буынын қолдауға бағытталған ірі жоба. Бұл шара олардың көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, жаңа бастамаларға серпін беруге жол ашады.

 

Байланыс:

Ұйымдастырушылардың байланыс нөмірі: +7 (708) 340-82-65-(Байғабыл Рауан)

Ұйымдастырушы:

Қазақстанның Жастар ресурстық орталығы.

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика