«Колледжіміздің 60 жылдық тарихи құндылығы – білікті мамандардың жетістігі» атты апталық қорытындысы

«Колледжіміздің 60 жылдық тарихи құндылығы – білікті мамандардың жетістігі» атты апталық қорытындысы

 

Колледжіміздің 60 жылдық мерейтойына орай «Электрмен қамтамасыз ету және техникалық кызмет көрсету» бірлестігінің оқу жылына жоспарланған «Колледжіміздің 60 жылдық тарихи құндылығы- білікті мамандардың жетістігі» атты апталығы өз мәресіне жетті. Апталықтың өту барысына бірлестік оқытушыларының барлығы атсалысты. Апталықтың ашылу салтанатына орай фойеде «Тапқырлар алаңы» атты  студенттер арасында интеллектуалды ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Апталық барысында ашық сабақтар мен көптеген шаралар өткізілді. Ашық сабақтардың мақсаты: әрбір модульдер бойынша тақырыптар бекітіліп, өткізілген сабақтар негізінде  студенттердің электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу бойынша кәсіби дағдыларын дамыту. Арнайы стендтерде  практикалық тапсырмаларды орындап, теория мен тәжірибені ұштастырып, жағдаяттық сұрақтарға жауаптар беру. Овен ПР200 релесі туралы кеңінен түсінік алу. Электр тогының әсерінен зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеру. Қуат кабельдерінің қаптамаларын  коррозиядан қорғау шараларын меңгеру  барысында студенттерді заманауи ерекше әдіс-тәсілді қолдану арқылы өткізу болды.

Сонымен қатар сабақтан тыс ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: студенттердің теориялық білімдерімен қатар тәрбиелік мәні бар мағлұматтар мен мамандыққа деген қызығушылықты арттыру болды.

Апталық аясында тағы бір үлкен шарамыз кәсіби мамандардың біліктілігін арттыру, шеберліктерін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында ЖШС «АЭМК Жарық» мекемесімен колледжаралық «Үздік электромонтаждау шебері» кәсіптік байқауы өткізілді. Кәсіби байқау «WorldSkills Kazakhstan» ережесі негізінде ұйымдастырылды. Кәсіптік байқауға Ақтөбе көлік байланыс және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі, Ақтөбе техника-технологиялық колледжі, Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі студенттері белсене қатысып, байқау соңында студенттердің жұмыстары әділ бағаланып, жүлделі 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Кәсіптік байқау өте жоғары деңгейде өткізілді.

Барлық шараларға бөлім оқытушылары мен колледж әдіскерлері қатысып, пікірлері мен ұсыныстарын айтып өтті.

 

 

Айтказиева Гульшат Сагындыккызы

ЦӘБ төрайымы, техника ғылымдарының магистрі

 

 

 

 

 

 

 

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика