«Үздік электромонтаждау шебері» байқауы

Еліміздің кәсіби мамандарының біліктілігін арттыру, шеберліктерін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде «Колледжіміздің 60 жылдық тарихи құндылығы – білікті мамандардың жетістігі» атты «Электрмен қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету» бірлестігінің апталығы аясында ұйымдастырылған  «Үздік электромонтаждау шебері» байқауы өз мәресіне жетті. Бұл байқау электромонтаждау саласындағы шебер мамандарды анықтап, олардың кәсіби деңгейін арттыруға және тәжірибе алмасуға арналған маңызды шара болып табылады. Байқауға облыстағы түрлі колледждерден келген тәжірибелі студенттер қатысып, өз шеберліктерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Қатысушыларға нақты тапсырмалар беріліп, олардың жұмыс сапасы, қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейі, шапшаңдығы және креативті шешімдері бағаланды. «Үздік электромонтаждау шебері» байқауы кәсіби біліктілікті арттырудың және тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Мұндай шаралар арқылы электр саласындағы үздік болашақ мамандардың қатарын көбейтіп, олардың жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік бар. Байқау қорытындысы бойынша үздік үш маман анықталды:

1-орын. Прусаков Герман Эдуардович. Ақтөбе техника-технологиялар колледжі,  жетекшісі: Дабыл Жанарбек Бекмырзаұлы

2-орын. Сағиев Аршат. Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі, жетекшісі: Ақайдар Асылбек Асқарұлы

3-орын. Дауылбайұлы Бақтияр, Ақтөбе құрылыс техникалық колледжі, жетекшісі:  Мейірбекұлы Дархан.

 

Ізімов Ғалымжан Қуанышұлы.

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің

арнайы пәндер оқытушысы

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика