Алматыда Халықаралық кітап сыйлау күні атап өтілді
Алматы қаласында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Жетісу комьюнити орталығы мен №24 қалалық балалар кітапханасы бір-бірімен кітап алмастырып, оқырмандарға жаңа шығармалар ұсынды.
Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуды дәріптеу, жастардың рухани дамуына үлес қосу және кітап алмасу дәстүрін қалыптастыру. Қатысушылар әдебиет әлеміне терең бойлап, өзара сүйікті шығармаларымен бөлісті.
Кітап – білім мен даналықтың қайнар көзі. Бұл игі бастама кітапқа деген қызығушылықты арттырып, қоғамның мәдени өрлеуіне серпін береді.
Оқыған ел – озық ел!
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық оқырмандарға алғысымызды білдіреміз!
14 ақпан 2025 жыл, Алматы



