«Алға жылжу: 60 жылдық даму және технология»

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі

07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, диагостикалау және жөндеу» мамандығының арнайы пәндер оқытушысы: Рахат Бақытгүл Темірланқызы, Изтелеуов Бахитбек Максутович

 

Колледжіміздің 60 жылдық мерейтойына орай  «Алға жылжу: 60 жылдық даму және технология» атты «Автомобиль ісі» бірлестігінің апталығы аясында дуалды оқыту жүйесін енгізу – кәсіби білімді жетілдірудің негізінде дуалды оқыту бойынша білім алушылар арасында «Көлік жөндеу шебері»  сабақтан тыс іс-шарасы өткізілді.

Дуалды оқыту жүйесі – бұл теория мен практиканы тиімді ұштастыратын инновациялық білім беру моделі. Ол студенттердің кәсіптік дағдыларын дамытуға, өндірістік тәжірибеден өтуіне және жұмыс берушілердің талаптарына сай мамандарды даярлауға бағытталған.

Колледжімізде дуалды оқыту жүйесі аясында білім алушылар арасында кәсіптік шеберлік сайысы өткізілді. Бұл сайыс студенттердің алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берді. Шара барысында қатысушылар түрлі өндірістік тапсырмаларды орындап, өз дағдыларын көрсетті. Сайыс практикалық тұрғыда бөлшектермен жұмыс жасауды, оларды құрастыруды және жөндеуді қамтыды. Қатысушыларға нақты өндірістік тапсырмалар беріліп, олар құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, көліктің ақауын анықтап, жөндеу жүргізу міндетін орындады. Әрбір студенттің жұмысы дәлдікке, сапаға және орындалу уақытына байланысты бағаланды.

Сабақтың негізгі мақсаты: әрбір модульдер бойынша тақырыптарды толық ашып, өткізілген сабақтар негізінде  студенттердің автокөлік саласы бойынша кәсіби дағдыларын дамыту.  Сайыс ереже бойынша негізгі үш кезеңнен тұрды: алдымен, практикалық тұрғыда берілген автокөліктің ақауын анықтау, сол ақау бойынша орындалатын жұмыстарды рет-ретімен атқарып, нәтижесін көрсету. Сонымен қатар, автокөлікті іске қосып, жүріске дайындау.

Сайысқа әртүрлі кәсіпорындар мен білім беру мекемелерінің өкілдері қатысып, студенттердің жұмыстарын бағалады. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды, ал кейбір қатысушыларға өндірістік практикадан өтуге немесе жұмысқа орналасуға ұсыныстар жасалды.

Қорытындылай келе, дуалды оқыту жүйесі – болашақ мамандарды сапалы даярлаудың және еңбек нарығына бейімдеудің тиімді тәсілі. Бұл модель білім беру жүйесі мен экономиканың үйлесімді дамуына ықпал етеді. Қазақстанда да дуалды оқыту жүйесін кеңінен енгізу – білікті кадрларды дайындаудың маңызды жолдарының бірі болып табылады. Өткізілген сайыс дуалды оқыту жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдеп, студенттерге үлкен мүмкіндік берді.

 

USTAZ ENBEGI


Пікір қалдыру

Электрондық пошта жарияланбайтын болады. * жұлдызшасы бар өрістерді міндетті түрде толтыру керек.


Байланыс


+7 777 542 6070 (WhatsApp)

@ustaz.enbegi

+7 702 341 4295

ustazenbegi@mail.ru

Авторлық құқық!

Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті. Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.


Сайт санағы

Яндекс.Метрика